Курс атауы: "Жасанды Интеллект: Бизнеске арналған шешімдер"
Курс Сипаттамасы:
Бұл курс жасанды интеллекттің (ЖИ) бизнес әлемінде қалай қолданылатынын терең түсіндіруге арналған. Курс аясында ЖИ технологияларының негіздерінен бастап, олардың әртүрлі бизнес процесстерінде қалай интеграцияланатынына дейінгі ауқымды тақырыптар қамтылады. Біз нарықтық талдау, клиенттермен өзара әрекеттесу, өнімділікті арттыру және шешім қабылдау процестерінде ЖИ-дің ролін зерттейміз. Сонымен қатар, курс аясында жаңа технологияларды бизнес стратегиясына қалай бейімдеуге болатынын үйренеміз.
Курс барысында оқушыларға ЖИ-дің қазіргі және болашақтағы мүмкіндіктерін түсіну, ЖИ-ді бизнес процесстеріне сәтті енгізу үшін қажетті дағдыларды дамыту мүмкіндігі беріледі. Курс барысында шынайы деректермен жұмыс істеу, ЖИ жобаларын жоспарлау және бағалау, сондай-ақ ЖИ-дің этикалық және құқықтық аспектілеріне ерекше назар аударылады.
Курс кімдерге арналған: Бұл курс бизнес лидерлеріне, менеджерлерге, стратегтарға және ЖИ-ді өздерінің жобаларында пайдаланғысы келетін кез-келген адамға, кәсіпкерлерге арналған.
Курс мақсаты:
Курс Форматы: Онлайн лекциялар, шынайы кейс-стадилер, талқылау сессиялары және практикалық жаттығулар.